КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
 Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» («Бизнестің жол картасы - 2025», «Қарапайым заттар экономикасы») арқылы 2024 жылы жеңілдетілген несиелендіруді қажет ететін жобаларды қолдау мақсатында кездесу өтті.
 Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Самат Көшкінбаев, «ДАМУ» қоры Түркістан облыстық филиалының жобаларды сүйемелдеу жөніндегі менеджері Мирас Жапатов, «Халық Банк» АҚ Түркістан облыстық филиалының шағын және орта бизнес бөлімінің басшысы Самат Байжанов, аталмыш банктің бас менеджері Асылзат Жұмабаева, «Банк Центр кредит» АҚ бас менеджері Азамат Мамырхан, «TURKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, қаржы ұйымдары және ауданның кәсіпкерлері қатасты.
 Жиында жоғарыда аталған азаматтар күн тәртібіндегі мәселе бойынша кәсіпкерлерге «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» арқылы 2024 жылы жеңілдетілген несиелендіруді қажет ететін жобаларға қалай қол жеткізуге болатындығы туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарға жауап берді.
 Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі