Бизнес форумға Өзбекстан елінен келген кәсіпкерлер ауданда жүзім өсіруге ниетті. Шетелдік кәсіпкерлер жүзім кәсібіне 3,5 млрд.теңге инвестиция салмақ. Форум аясында аудандық кәсіпкерлер алдында презинтация жасап, жүзім өсірудің тиімділігін кеңінен түсіндіріп өтті. Аудан климатына қолайлы жүзімнің төрт түрімен таныстырды. Қазақстанда жүзімді өсіріп, алыс-жақын шетелдерге экспорттаудың да тиімділігін айтты.
Біршама жылдар бұрын ауданға қарасты Ескі Иқан ауыл округінде мыңдаған гектар алқапқа жүзімнің 12 түрі өсірілген көрінеді. Өзбекстандық кәсіпкердің айтуынша жүзімді заман талабына сай плантацияда өсіруді қолға алмақ. Жоба іске асырылса, аудан жүзім алқабына айналады. Бизнес форум аясында аудан әкімдігі мен шетелдік кәсіпкер арасында меморандумға қол қойылды. Инвесторлық жоба 2024-2029 жылдарға арналып отыр.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі