Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында кездесу өтті

Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында кездесу өтті
Сауран ауданы әкімдігі Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы Н.Мирзакуловтың ұйымдастыруымен Оранғай ауылдық округінің «М.Әуезов жалпы орта мектеп» КММ-де ерте жүктілік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында кездесу өтті.
🔹Іс – шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің және зорлық-зомбылықтың алдын алу. Қыздардың өз бойында инабаттылық, ибалылық, сыпайылылық қасиеттерін қалыптастыруға, бірлікке тәрбиелеу.
🔹Кездесу Оранғай ауылдық округі «М.Әуезов жалпы орта мектеп» КММ-де 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Кездесу барысында жастарға ерте жүктілік пен зорлық-зомбылық туралы баяндама оқылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қыздарға сұрақтар қойылып, қыздардың қойған сұрақтарына жауап берді.
🔹Сонымен қатар, өскелең жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша сұрақтар қойды. Контрацепцияның әр түрлі қолжетімді әдістері, жұқпалардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізілді. 🔹Семинарда ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан жас ағзаның оған әлі дайын еместігі, әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін қыз балаларды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланды.
🔹Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы - жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, жоспарланған жүктіліктің 90 пайызы отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Сол себепті отбасындағы тәлім-тәрбие басты рөлде екендігі жеткізілді.
🔹Және де зорлық-зомбылық туралы сөз қозғалып, Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Бүгінде барша әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заң бұзушылық біздің елімізде де өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Осы тұрғыда жасөспірімдерге жастар орталығы қашанда көмек қолын созуға дайын екендігін жеткізді.