Сауран ауданында Д–Е санаттағы азаматтарды өзектендіру, жұмыспен қамтуға тарту, есеп шоттары бұғатталған азаматтардың мәселелерін қарау және «Ауыл аманаты» жобасы аясында несиелендіру тетіктерін түсіндіру мақсатында мәжіліс өткізілді. Жиынға аудан әкімі Таңғатаров Мақсат төрағалық етті.
Мәжіліске «Аманат» партиясы орталық аппаратының «Ауыл аманаты» жобасының өңірлік үйлестірушісі Әзімбай Жандос, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мирова Күміс, қаржы ұйымдары мен екінші деңгейлі банктердің өкілдері, сондай-ақ бірқатар ірі жұмыс беруші кәсіпорындар қатысты.
Күн тәртібінде Д–Е санаттағы азаматтарды жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау шаралары, қаржылық міндеттемелер бойынша есеп шоттарды бұғаттан шығару мәселелері және «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру барысы қаралды. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» жобасы арқылы ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру мүмкіндіктері талқыланды.
Баяндамалар барысында тиісті сала өкілдері жұмыспен қамту көрсеткіштері, қаржылық сауаттылықты арттыру және қарыз жүктемесін азайту бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берді. Жұмыс беруші тараптар бос жұмыс орындары мен кадрлық қажеттіліктерді ұсынды.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі