Сауран ауданы әкімдігі аппаратының мәжіліс залында аудандық мәслихатының кезектен тыс 43-сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысты. Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, коммуналдық мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Алғашқы мәселе бойынша Сауран аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Асылбек Патсаев аудандық жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту жөнінде баяндама жасады. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабекова Сауран ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгертуге қатысты ұсыныстарды таныстырды.
Сондай-ақ аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов бірқатар экономикалық және бюджеттік мәселелер бойынша баяндама жасады. Сессия барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалып, депутаттар тарапынан тиісті шешімдер қабылданды.

Сауран аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі