Сауран ауданы аумағындағы елді мекендердің бас жоспарларына қатысты өзекті мәселелерді талқылау мақсатында арнайы мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров төрағалық етті.
Мәжіліске ауылдық округ әкімдері, тиісті бөлім басшылары, жобалаушы мекемелер өкілдері және аудан тұрғындары қатысты. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралып, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, аумақтарды тиімді жоспарлау және құрылыс талаптарының сақталуы жан-жақты талқыланды.
Алғашқы мәселе бойынша аудандық «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы» бөлімінің 2026 жылға арналған жоспары мен атқарылған жұмыстары баяндалды. Бас жоспарларды іске асыру барысында туындаған мәселелер мен оларды шешу жолдары айтылды.
Келесі кезекте Шорнақ ауылының бас жоспарына қатысты атқарылған жұмыстар таныстырылып, нақты ұсыныстар берілді. Сонымен қатар Жүйнек, Оранғай, Қарашық және Қазақстанның 30 жылдығы ауылдарының бас жоспарлары бойынша жүргізілген жұмыстар мен өзекті мәселелер сараланды.
Жиын барысында аудан басшысы нақты тапсырмалар жүктеп, айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстар хаттамаға енгізілуін тапсырды.
Жиын қорытындысында елді мекендердің бас жоспарларын сапалы әрі уақытылы жүзеге асыру ауданның жүйелі дамуының негізгі тетігі екені атап өтілді.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі