Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Байбайқорған ауылдық округіне қарасты Абай ауылына арнайы барып, су тасқынының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылады. Табиғи жағдайға байланысты зақым келген көпір қысқа мерзім ішінде қалпына келтірілді.
Жауын-шашын мөлшерден тыс түсуіне байланысты Абай ауылындағы Жаңақорған өзенінің үстінен өтетін шағын көпірге зақым келген болатын.
Аталған жағдайға байланысты аудан әкімдігі мен төтенше жағдайлар қызметі шұғыл әрекет етті. Арнайы техникалар жұмылдырылып, өзен арнасының жан-жағы қазылып, су ағысының бағыты реттелді.
Аудан әкімі жұмыс барысын жеке бақылауына алып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Инженерлік жұмыстардың сапасына, тұрғындардың қауіпсіздігіне және көлік қатынасының қамтамасыз етілуіне басымдық беруді тапсырды. Жағдай аудан әкімінің тікелей бақылауында.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі