
– Әр инвестормен жеке жұмыс істеу – ашықтық пен жауапкершіліктің көрінісі. Бұл – барлық деңгейдегі әкімдерге қойылатын басты талап. Инвестициялық жобалардың уақтылы әрі сапалы іске асуы қатаң бақылауда болады. Біздің басты мақсатымыз – Түркістан облысында инвестициялық ахуалды жақсарту. Әрбір жоба – жаңа жұмыс орны, жаңа мүмкіндік. Әрбір инвестициялық жобаның табысты іске асуы үшін барлық қажетті қолдауды көрсетуіміз керек. Ашықтық – басты қағидатымыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының негізгі басымдықтарын айқындап, нақты әрі жоғары жауапкершілік жүктеді. Облыста осы бағыттағы жұмысты жүйелі түрде ұйымдастырып, арнайы экономикалық аймақтарды экономикалық өсім мен инвестиция тартудың нақты драйверіне айналдыруға күш саламыз, – деді Нұралхан Көшеров.