Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен бюджеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа бөлім басшылары, мекеме жетекшілері және жауапты мамандар қатысты. Жиында 2025 жылғы бюджеттік бағдарламалардың орындалу барысы мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.
Аудан басшысы әр сала бойынша нақты көрсеткіштерді, қаржы игеру деңгейін және жоспарланған жобалардың уақытылы жүзеге асырылуын мұқият бақылауды тапсырды. Сонымен қатар, бюджеттік тәртіпті сақтау, артық шығындарды болдырмау және тиімді жоспарлау қажеттігін ерекше атап өтті. Отырыс барысында бірқатар ұсыныстар қаралып, жауапты бөлімдерге тапсырмалар жүктелді. Жиын қорытындысында аудан әкімі барлық бөлімдерге бекітілген жоспарларды мерзімінде орындауды міндеттеді.