ЖАСТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫ ӨТТІ

ЖАСТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫ ӨТТІ
 
✔️Сауран ауданында жастардың шығармашылығын қолдау, тапқырлығын шыңдау және мәдени белсенділігін арттыру мақсатында аумақтық жайдарман ойыны өтті. Іс-шараны Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырды. Бұл жолы жарыс Жүйнек ауылдық округінде өтіп, оған Жүйнек және Қарашық ауылдық округтерінің жастары қатысты.
✔️Шараның ашылу салтанатында Сауран ауданы әкімінің кеңесшісі Мұхамеджан Жұмадуллаев, аудандық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Абдуллаев сөз сөйлеп, жастарға шығармашылық табыс тілеп, олардың бастамаларына қолдау білдірді.
✔️Бұл жолғы ойында Қарашық ауылының «Jaydarlife», Құмтүйін ауылының «Qum Style», Жүйнек ауылдық округіндегі М. Мәметова ЖББМ-нің «Сосын айтамыз», Шекербұлақ ауылының «Өнерлі жастар», «Jalil Abdullaev Ziatkerlik Mektebi»-нің «JAZM», Қарашық ауылдық округіндегі «Qarashyq-M» және Ахмет Югнеки ЖББМ-нің «Жүйнек жастары» командалары өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынып, тапқырлығы мен шығармашылығын ортаға салды.
✔️Әділқазылар алқасы ойынға қатысқан командалардың тапқырлығы мен сахналық шеберлігін әділ бағалап, үздік шыққан ұжымдарға аудандық кезеңге жолдама берді.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі