МАЙДАНТАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

МАЙДАНТАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
 
✔️Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Майдантал ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, жаңадан сайланған әкімді таныстырды. Жиынға ауыл ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты.
✔️Аудан басшысы өз сөзінде ауылдық округ әкіміне жүктелер міндеттің үлкен жауапкершілік екенін атап өтіп, халықпен етене жұмыс жасап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу қажеттігін жеткізді.
✔️Майдантал ауылдық округінің әкімі болып Саргелтаев Алмас Қамбарбекұлы сайланды. Ол 1989 жылы Түркістан қаласының Майдантал ауылында дүниеге келген. 2007–2011 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Есеп және аудит» мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын 2011 жылы Түркістан қаласы әкімдігінде бастады. Кейінгі жылдары Түркістан қаласы және Кентау қаласы әкімдігінде, сондай-ақ Сауран ауданы әкімі аппаратында түрлі жауапты қызметтер атқарған. Соңғы кезеңде Сауран ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарып келді.
✔️Кездесу барысында ауылдық округтің төрт жыл бойы әкімі болған Жандос Досболов тұрғындармен қоштасып, ауыл халқына бірге атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді. Жиынға қатысқан тұрғындар Жандос Досболов игі тілектерін айтып, атқарған еңбегіне ризашылығын білдірді. Жиын соңында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жаңа әкімнің жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындарды ел игілігі жолында бірлесе еңбек етуге шақырды.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі