
Шорнақ ауылдық округінің әкімі болып Бабичев Нұрсеит Ізбасарұлы сайланды. Ол 1987 жылы 5 наурызда Сауран ауданы, Аша елді мекенінде дүниеге келген. Жоғары білімді маман: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университетінде информатика, ал Шымкент университетінде құқықтану саласы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2007 жылы «Астана Қорған» ЖШС-де бастаған. Кейінгі жылдары «Сері–3» шаруа қожалығының заңгері, «Standart Beton Group» ЖШС директорының орынбасары, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының консультанты, сондай-ақ «Арыс Құм» ЖШС директорының орынбасары қызметтерін атқарды.