САУРАНДЫҚ МОЛДАБЕКОВТЕР ОТБАСЫ – «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2025» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

САУРАНДЫҚ МОЛДАБЕКОВТЕР ОТБАСЫ – «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2025» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Түркістан қаласында өткен «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде Сауран ауданының атынан қатысқан Молдабековтер отбасы бас жүлдені жеңіп алды.
Бұл байқау 12 жылдан бері республикалық деңгейде тұрақты өткізіліп, еліміздің түкпір-түкпіріндегі үлгілі отбасыларды насихаттап келеді.
Салтанатты марапаттау рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жеңімпаздарды құттықтап, отбасылық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын атап өтті.
Конкурс қорытындысы бойынша:
I орын – Молдабековтер отбасы (Сауран ауданы) – 1 млн теңге жүлде;
II орын – Ширимбаевтар отбасы (Түлкібас ауданы);
III орын – Рысбековтер отбасы (Келес ауданы).
Молдабековтер әулетінің ақсақалы – Нұрмахан Молдабеков, 90 жаста, тыл ардагері. Жұбайы – Оңласын Жүсіпбаева, зейнеткер, «Алтын алқа» иегері. Үлгілі шаңырақ 2 ұл, 7 қыз тәрбиелеп өсірген, бүгінде 35 немере мен 23 шөбере сүйіп отыр.
Бұл жеңіс – Сауран ауданы үшін үлкен мәртебе. Отбасындағы татулық пен ұрпақтар сабақтастығы – жас ұрпаққа өнеге.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі