ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ САҚТАНДЫРУ  БОЙЫНША ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ САҚТАНДЫРУ  БОЙЫНША ЗАҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Сауран ауданында «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру» туралы мәжіліс өтті. Аталған мәжіліске ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Ғалымжан Сапарқұлов, Сауран аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.у.а Санжар Турметов және ауданымыздағы кәсіпорын басшылары қатысты.  
Мәжіліс барысында  Ғалымжан Сейдуәліұлы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы №30 «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес, жұмыс беруші өз қызметкерлерін жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан сақтандыру қажет екенін атап өтті. 
Сонымен қатар, жұмыс берушілерге қызметкерлерді сақтандыру бойынша заң талаптары түсіндіріліп, уақытылы сақтандырылмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабы, 2-тармағына сәйкес, мың айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне (3 932 000 теңге) дейін айыппұлға әкеп соғатыны түсіндірілді.