Сауран ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық                          және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Сауран–Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары нәтижесінде қалыптастырылған анықтама жобасына жария тақылау

Сауран ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық                          және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің  «Сауран–Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында  сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген  ішкі талдау жұмыстары нәтижесінде қалыптастырылған  анықтама жобасына жария тақылау

ХАТТАМАСЫ

 

Сауран ауданы                                                       «6» тамыз 2025 жыл                                                 

Қатысқандар: Жиналыс төрағасы М.Жарменов;

      хатшы: Ә.Таукебаев;

      мекеме қызметкерлері және қоғам өкілі.

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

 

  1. Кәсіпорын қызметінің сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне  жүргізілген ішкі талдау жұмыстары нәтижесінде қалыптастырылған анықтама жобасына тақылау;

 

Күн тәртібіндегі тақырып бойынша төрағалық етуші М.Жарменов: 2025 жылғы 02 шілде – 13 тамыз аралығына жоспарланған Қазақстан Республикасының  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс – қимыл  туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы №410–V Заңының 8–бабы 5–тармағына және «Сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2023 жылғы 16 ақпандағы №21 бұйрығын орындау мақсатында «Сауран–Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның          2025 жылғы 25 маусымдағы №22–нқ  бұйрығымен құрылған топпен сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауына жол беретін себептер мен жағдайларға ішкі талдау жұмыстары жүргізілгенін айтты.

 Нәтижесінде кәсіпорынның персоналды басқару қызметінде жұмыс тобымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша баяндамашы кәсіпорынның комплаенс қызметіне жауапты маман Ә.Таукебаев сөз сөйледі.

Атап айтқанда:

1.Қазақстан   Республикасы    еңбек    заңнамасының   мақсаты   еңбек

қатынастарын    және  еңбек  қатынастармен     тікелей   байланысты  өзге  де

қатынастарды  еңбек  қатынастары талаптарының құқықтары мен мүдделерін

қорғауға,  еңбек   саласындағы   құқықтар   мен   бостандықтардың  ең   төмен

кепілдіктерін  белгілеуге  бағытталған  құқықтық  реттеу  болып  табылады.

  1. Қазақстан Республикасы  еңбек   заңнамасының   міндеттері  еңбек

қатынастары тарапынан мүдделернің теңгеріміне,  әлеуметтік  тұрақтылыққа,

қоғамдық келісімге бағытталған  қажетті құқықтық  жағдайлар  жасау  болып

табылады.

         Кәсіпорында шығарылған бұйрық, хаттама, акт және хат рәсімдеулері Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электронды құжат айналымы  жүйелерін пайдалану  қағидаларын  бекіту туралы» 2023 жылғы 25 тамыздағы №236 бұйрығының талаптарын сақталуына назар аударылуы қажет деп көрсетілген.

         Жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында еңбек қатынастарының басталуы да, аяқталуы да бұйрықпен бекітіліп, яғни кәсіпорындағы жұмыскерлердің нақты санын айқындайтын акт болып табылады және қатаң түрде сақталуы қажет.Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.

«Объектілерді террористік осал объектілерге жатқызу қағидалараы мен өлшем шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.04.2021 жылғы №234 қаулысында ауыз сумен жабдықтау объектілері – саны 5000 адамнан асатын су тұтынушыларына ауыз су беруді қамтамасыз ететін су тарту құрылыстары террористік осал стратегиялық объектілерге, стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілеріне жатады деп көрсетілген. Алайда, аудан аумағындағы барлық су қоймаларын террористік тұрғыдан осал нысандары ретінде ауыз су қоймаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында олардың аумағына күзет ұйымдастыру, бейнебақылау жүйелерін орнатуға шаралар қабылданбаған.

         Сөз соңында төрағалық етуші кәсіпорын басшысы М.Жарменов сөз алып, күн тәртібіндегі талқыланған мәселе өзекті мәселе екенін атап өтті және қатаң бақылауға алу қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар, заңнама талаптарын қатаң сақтауды ескертті.

         Кәсіпорын қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары нәтижесінде қалыптастырылған анықтама жобасына талқылау жүргізу жиналысында

ШЕШІМ  етті:

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою мақсатында жұмыстар атқарылсын.

 

 

Жиналыс төрағасы:                                       М.Жарменов

 

Хатшы:                                                             Ә.Таукебаев