Сауран ауданының орталығында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды тазалық шарасы ұйымдастырылды. Қоршаған ортаны қорғау және елдімекен аумағын абаттандыру мақсатындағы бұл шараға аудан тұрғындары белсенді атсалысты.
Аталған акция барысында 200-ге жуық азамат өз еркімен қатысып, қоғамдық аумақтарды тазартуға үлес қосты. Іс-шараға арнайы 6 бірлік техника жұмылдырылып, нәтижесінде 12 тоннаға жуық қалдықтар шығарылды.
Тазалық жұмыстары негізінен көшелерді, қоғамдық орындар мен көпшілік жүретін аймақтарды қамтыды. Аудан әкімдігі мұндай бастамалар арқылы тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ өңір экологиясын жақсартуға ықпал ету көзделіп отырғанын атап өтті.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі