МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Сауран ауданы әкімінің аппарат басшысы, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкіл Бекзат Абубакировтың төрағалығымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша жұмыс жиыны өтті.
Жиынға аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер қатысты. Басқосу барысында Әкімшілік және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Асқар Дайрабаев арнайы баяндама жасап, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер барысындағы өзекті мәселелер мен орын алған заңбұзушылықтарға тоқталды. Атап айтқанда, кейбір мекемелер тарапынан қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы және оның салдары кеңінен талқыланды.
Бекзат Абубакиров мемлекеттік қызмет сапасын арттыру, азаматтардың өтініш-тілектерін уақтылы әрі сапалы орындау – әрбір қызметкердің тікелей міндеті екенін атап өтті.
Жиын қорытындысында қызмет көрсету сапасын жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар жүктелді.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі