МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ САУРАН АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ САУРАН АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қайрат Рахымұлы Балабиев Сауран ауданына арнайы іс-сапармен келіп, Ескі Иқан ауылдық округінде «AMANAT» партиясы жанындағы бастапқы партия ұйымының қоғамдық қабылдауын өткізді.
Қоғамдық қабылдауға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішев,«AMANAT» партиясының Сауран аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков қатысты.
Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін ашық айтып, нақты ұсыныстарын жеткізді. Әлеуметтік инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарын көбейту және жастарды қолдау сынды бағыттарда түрлі сауалдар мен ұсыныстар көтерілді.
Қайрат Рахымұлы әрбір азаматтың өтінішіне жеке тоқталып, олардың заң аясында шешілу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, депутат тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау тетіктері туралы мағлұмат беріп, өз кезегінде көтерілген мәселелерді бақылауына алатынын жеткізді.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі