29 маусымда Сауран ауданы Жібек жолы ауылдық округінде әкім сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 1032 азамат енгізіліп, олардың 738-і дауыс беруге қатысты.
Сайлау нәтижесінде Жібек жолы ауылдық округінің әкімі болып Аширбеков Мейрамбек сайланды. Ол – 1968 жылы туған, Сауран ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясынан ұсынылған кандидат.
Сайлау процесі Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес, ашық және заңды түрде өтті.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі