Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиында ауданның әлеуметтік және экономикалық бағыттарындағы бірқатар өзекті мәселелер қаралып, тиісті бөлім басшылары мен жауапты тұлғалар есеп берді.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларының орындалуы болды. Бұл мәселе бойынша аудан әкіміне Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Асылбек Дәуірхан баяндама жасап, оңалту бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, гигиеналық және техникалық құралдармен қамтамасыз ету, санаторлық-курорттық емделуге жолдама беру, протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамту бағыттары сөз болды.
Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, аудан әкімі мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, тұрғындармен кері байланысты күшейту және әрбір сала бойынша нақты нәтижеге бағытталған жұмысты жолға қою қажеттігін баса айтты.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі