ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
 Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров тұрғындарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында ауданның түрлі елді мекендерінен келген азаматтардың өтініштері тыңдалып, нақты шешу жолдары қарастырылды.
Жалпы қабылдауға 5 азамат қатысып, 8 түрлі мәселе көтерілді. Тұрғындар тұрақты жұмысқа орналасу, ауылішілік жолдарды жөндеу, көше шамдарын орнату, шибөрілерден келетін қауіпсіздік, жер телімінің құжаттарын заңдастыру, ауылдық жерлерге инвестиция тарту, сондай-ақ электр жарығы мен инфрақұрылымға қатысты мәселелерді алға тартты.
Аудан әкімі әрбір мәселені жеке қарастырып, жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Қабылдау қорытындысы бойынша барлық өтініштер бақылауға алынып, олардың заң аясында шешілуі қамтамасыз етілетіні атап өтілді.
Мұндай қабылдаулар азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тікелей тыңдауға және жергілікті деңгейде өзекті мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді. Жеке қабылдаулар алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі