Сауран ауданы әкімінің өкімімен ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметіне Ешжан Бектөре Қуандықұлы тағайындалды.
Ешжан Бектөре Қуандықұлы 1997 жылы 10 наурызда Түркістан қаласында дүниеге келген. 2018 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын мемлекеттік қызметте 2021 жылдан бастап, түрлі салаларда жұмыс атқарған. Бұған дейін Сауран ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде басшының орынбасары лауазымында еңбек етті.
Жас маман ретінде кәсіби білімі мен тәжірибесі бар Ешжан Бектөре Қуандықұлы алдағы уақытта ауданның аграрлық әлеуетін арттыруға, ауыл шаруашылығы саласын жүйелі дамытуға күш салатын болады.
Аудан басшылығы жаңа басшыға жауапты қызметте табыс тілеп, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстардың жаңа серпінмен жалғасатынына сенім білдірді.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі