2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Сауран аудандық мәслихатының
шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2024 жылғы 8 желтоқсанда №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Сауран аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 2827 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1278 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 4 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
№7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Сауран аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Женис Умирзакович Абиловқа сайлаушылардың 91 дауысы берілді;
Султанбай Серікбайұлы Бохановқа сайлаушылардың 1023 дауысы берілді;
Кенжеғали Рахымұлы Нағыметке сайлаушылардың 83 дауысы берілді;
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 35.
Сайлау қорытындысымен №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Сауран аудандық мәслихатының депутаты болып:
№ 7 сайлау округі бойынша – Боханов Султанбай Серікбайұлы, 1981 жылы туған, ЖСШ "Майшай-Су" директоры, Сауран ауданы Еңбекші-дихан ауылының тұрғыны сайланды.
Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясы