Ulutau kus: отандық өнім өндіруші жұмыртқаны 46 теңгеден сатып отыр

Ulutau kus: отандық өнім өндіруші жұмыртқаны 46 теңгеден сатып отыр

Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Жеңісбек  Ахметов Кеңгір ауылдық округінде орналасқан «Ахтямов» тауық жұмыртқасын шығаратын фабриканы аралады.  Ұлытаулық фермер 50 мың бас тауық өсіреді. Ферма тәулігіне 50 мың дана жұмыртқа шығаруға қауқарлы. Бүгінгі таңда өндіруші барлық санаттағы жұмыртқаны Ұлытаудағы сауда нүктелеріне 46 теңгеден сатады. Одан бөлек еліміздің басқа облыстарына да жеткізіп отыр. Жұмысқа Кеңгір ауылының жергілікті  тұрғындары көптеп тартылуда. Қазіргі уақытта 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Фабрика алдағы уақытта тауық санын арттырып, құс етін шығаруды да жоспарлап отыр.

«Жұмыртқа фабрикасын толық аралап, жұмыс барысымен танысып шықтым. Жұмыртқа – халық көп тұтынатын, сұранысқа ие әлеуметтік маңызы бар өнім. Сондықтан өнім көлемі де, отандық өнім өндірушілерге қолдау да, әлеуметтік өнімнің бағасы да маңызды. Осы ретте облыстағы отандық өнім өндірушілердің сауда сөрелеріне кедергісіз жетуіне баса назар аударамыз», - деді Жеңісбек Ахметов.