Алдағы демалыс күндері елде 20-ға жуық ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Жәрмеңкелер Ішкі сауда ережелеріне сәйкес өтеді. Аталған ереженің 166-тармағына сәйкес жәрмеңкедегі басым орындар жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілеріне беріледі.
Жәрмеңкелерде көкөністер, жемістер, ет және ет өнімдері, сүт өнімдері және басқа да өнімдер ұсынылады.
- Астана қаласында 14-15 желтоқсанда Н.Тілендиев, 12а мекенжайы бойынша өтеді.
- Алматыда, 14-15 желтоқсан, келесі мекен-жайлар бойынша:
Гоголь-Масанчи (Алмалы ауданы)
Қазақфильм шағынауданы (Бостандық ауданы)
Абай-Өтеген батыр (Әуезов ауданы)
Меңдіқұлов - Бектұров (Медеу ауданы)
- Шымкентте, 14 желтоқсан — Мәделі Қожа мекен — жайы бойынша, 1. 15 желтоқсан - Нұрсат ш/а, 7/1.
- Көкшетауда, 14 желтоқсан - Сүлейменов, 2Д (Жібек Жолы базары) мекенжайы бойынша.
- Семейде, 14 желтоқсан -Северный, 2 (Северный СОО) мекенжайы бойынша.
- Ақтөбеде 14 желтоқсан күні "ТАБЫС" коммуналдық базарында .
- Орал қаласында, 14 желтоқсан - Ержанов көшесі.
- Қарағандыда, 14 желтоқсанда - 134-квартал, "Global city" СОО мекенжайы бойынша.
- Қызылордада, 14 желтоқсан - "Мәңгілік алау" алаңында.
- Петропавлда "Алтын Арман"," Дария"," Қызыл Жар-Ақбастау "базарларында — әр сенбі сайын.
- Түркістанда "Қуаныш", "Алтынбұлақ" базарларында — әр сенбі және жексенбі күндері.
- Жезқазғанда, 14 желтоқсан - Некрасов, 12 мекен-жайы бойынша, орталық базар.
- Атырауда әр сенбі сайын желтоқсан айының соңына дейін - "Мұнайшы" стадионының алдында, Әуезов, 28а.
- Ақтауда, ертең, 14 желтоқсанда-облыстық аурухана алаңының алдында, 26 ш / а.