Алматыда демалыс күндері өтетін жәрмеңкеде 130 тоннадан астам азық-түлік өнімі ұсынылады

Алматыда демалыс күндері өтетін жәрмеңкеде 130 тоннадан астам азық-түлік өнімі ұсынылады

Алдағы демалыс күндері, 30 қараша - 1 желтоқсан күндері Алматы қаласының төрт ауданында кезекті «демалыс күндердегі» ауыл шаруашылығы өнімдерінің  жәрмеңкелері өтеді. Онда 130 тоннадан астам азық-түлік өнімдері саудаланады. Жалпы жәрмеңкеде елуден  астам өнім түрі, оның ішінде ішінде ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық, ұн, жарма, өсімдік және жануар майы секілді өнімдер ұсынылады.

Сауда алаңында Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының шаруалары мен Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындарының тауарлары сатылады.

Демалыс күндері жәрмеңкелер мына мекен-жайлар бойынша өтеді:

  1. Гоголькөшесі - Масанчи көшесі (Алмалы ауданы);
  2. Қазақфильмшағынауданы. (Бостандық ауданы);
  3. Абай даңғылы - Өтеген батыр көшесі қиылысы.(Әуезов ауданы);
  4. Меңдіқұлов көшесі - Бектұров көшесі қиылысы.(Медеу ауданы).

Жәрмеңкеде азық-түлік тауарларын, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын арзан бағада сатып алуға болады. Азық-түлік жәрмеңкелері Алматы қаласында сенбі және жексенбі күндері апта сайын өткізіледі. 2024 жылдың басынан  Алматыда 380-ге жуық азық-түлік жәрмеңкесі өткен. Жыл соңына дейін осындай  қосымша 40-қа жуық жәрмеңке өткізу жоспарланған.

Жәрмеңкені өткізу регламенті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, абаттандыру ережелерін, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау  және сауда үстемесін ескере отырып жасалған.