Жыл басынан Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне кіретін 10 тауар арзандады. 1 сорттағы бидай ұны 7,1 %-ға, қарақұмық жармасы 32,7%-ға , сары май 6,9%-ға, айран 8,6%-ға, сәбіз 7,6%-ға, пияз 4,5%-ға, қырыққабат 26% -ға арзандаған. Бағасы түскен тауарлар ішінде қант, күнбағыс майы мен сүзбе де бар.
Жыл басынан бері Шымкент қаласы бойынша көшпелі мониторинг жүргізетін азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссияның 70 отырысы өткізілді.
Сондай-ақ, комиссия 2024 жылдың басынан бастап электронды шот фактура бойынша жұмыс жүргізуде. Барлығы 766 ЭШФ бойынша электрондық шот-фактураларды түсіріп, талдау жүргізді. Өңірлік комиссия жұмысының нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың басынан бастап Департамент Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-4-бабына сәйкес 425 сауда субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 117 кәсіпкер күнбағыс майының, 57 кәсіпкер қанттың, 55 кәсіпкер қарақұмық жармасының бағасына сауда үстемесін 15 пайыздан арттырған.
670 сауда субъектісіне сауда үстемелерін және анықталған делдалдық схемаларды асыра бағалау фактілері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Департамен мамандары мен өңірлік комиссия мүшелері ӘМАТ тауарларын делдалдарсыз, тікелей өндірушілер мен тікелей жеткізушілерден сатып алу туралы ұсынымдар берді. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша 164 өнімсіз делдал жойылды.