Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қатысты Министрік келесі шараларды қабылдады

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қатысты Министрік келесі шараларды қабылдады

Сауда министрлігі әкімдіктермен және өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялармен бірлесіп сауда объектілеріне азық-түлік тауарлары қорларына тексеріс жүргізуде.

Мәселен, төтенше жағдай режимі жарияланған облыстарда тауарларды жеткізуде проблемалар байқалмайды.

Су тасқыны басталғаннан бері 10 өңірде әлеуметтік кәсіпкерлік көрпорациялардан 767 тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сатылды: оның ішінде пияз – 429 тонна, картоп – 587 тонна, сәбіз – 332 тонна, қырыққабат – 246 тонна, ұн – 70 тонна, рожки – 9 тонна, қарақұмық жармасы – 2 тонна, күріш – 61 тонна, күнбағыс майы – 4 тонна, тауық еті – 7 тонна, қант – 37 тонна, тұз – 20 тонна, сонымен қатар екі мың екі жүз жиырма төрт мың дана жұмыртқа сатылды.

Сондай-ақ өңірлерде төтенше жағдай кезінде азық-түлік және азық-түлік емес тауарлармен қамтамасыз етудің сауда объектілерімен жасалған меморандумдары бар.

Бұдан басқа, күн сайын сауда желілерімен және ішкі сауда субъектілерімен жұмыс жүргізілуде, яғни тауарлардың бағасын көтермеу және қолжетімсіз сауда нысандарын азық-түлікпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі.

Су тасқыны кезеңінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтергені үшін еліміздің 10 өңірі бойынша 46 әкімшілік қаулы шығарылды, оның ішінде 6 айыппұл салынып, 40 ескерту берілді.

Мысалы, күнбағыс майына, жұмыртқаға, қарақұмыққа және сәбізге сауда үстемені асырғаны үшін Ақтөбе облысындағы 2 сауда объектісі және Атырау облысындағы 2 сауда объектісі қарақұмық, картоп, қырыққабат және қантқа сауда үстемені асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, бағаның өсу фактілері анықталған жағдайда 8 (7172) 74-37-35 нөмірі бойынша хабарласуларыңызға болады.

Сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктердің барлық өкілдерін азаматтық бастама көтеріп, кәсіпкерлермен бағаның өсуіне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырамыз.