СИМ-де бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен сауда және интеграция мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков атқарылған жұмыстар мен 2024 жылға қойылған жоспарлар туралы баяндамен сөз сөйледі.
Ресми статистика деректері бойынша 2023 жылы ішкі тауар айналымы 20,5%-ға ұлғайып, 61 трлн. теңгені құрады. Саудаға салынған инвестициялар көлемі 46,4%-ға өсіп, 489,8 млрд. теңгені құрады. Қазіргі заманғы сауда форматтарының үлесі 33%-ға дейін, оның ішінде 19 базарды жаңғырту, сауда орталықтары мен сақтау инфрақұрылымын салу есебінен ұлғайтылды. Министрлік үшін белгіленген салаға инвестициялар тарту жоспары 3,8% - ға асыра орындалды.
Сауда комитеті 2023 жылы нормашығармашылық саласында үлкен жұмыс атқарды. Әкімшілік реформалар бірінші кезекте тауардың дүкен сөрелеріне кіруі үшін жағдай жасауға және саудаға қатысушылар үшін ашық және тең жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілеріне қатысты қарсы міндеттемелер көзделген, олар мемлекеттік қолдау алған жағдайда «Қазақстанда жасалған» деген таңбасы бар отандық өндірістің азық-түлікке жатпайтын тауарларын жалпы сауда алаңының және (немесе) сөрелік кеңістіктің кемінде 20%-ын орналастыруды қамтамасыз етуге тиіс және сауда желілерінің сөрелерінде ӨТО азық-түлік тауарларының ұсынылуын 50%-ға дейін ұлғайту мәселесі пысықталған.
Отандық өндірушіні Қазақстанда өндірілетін, әкелінетін және (немесе) өткізілетін ӘМАТ-қа ең төменгі көтерме бағаны (ЕТКБ) белгілеу бойынша импорттық өнім демпингінен қорғау бойынша шара енгізілді.
Сауда қызметі субъектілерінің, атап айтқанда сауда нарықтарының жауапкершілігін барынша күшейту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Тексерулерге мораторийдің қолданылуына қарамастан, түсіндіру жұмыстары, мемлекеттік бақылау құралын іске асыру арқылы ӘМАТ бағасының өсуіне жол бермеу бойынша жұмыс жүргізілді.
Өңірлік комиссиялардың жұмысын үйлестіру, сондай-ақ Сауда комитеті тарапынан күнделікті мониторинг жүргізу арқылы жергілікті атқарушы органдардың ӘМАТ бағаларының өсуіне жедел ден қою үрдісі қалыптасты.
ӘМАТ бағасының өсуін болдырмаудың екінші маңызды құралы - ӘМАТ тізбесіне кіретін тауарларды сату актілерінің электрондық шоттарын талдау (19 атау).
Электрондық шот фактураларын (ЭШФ) талдау шеңберінде Комитет аумақтық бөлімшелермен бірлесіп 4486 тізбекке талдау жүргізді, оның ішінде 824 заңнаманы бұзу тәуекелі (заңсыз кәсіпкерлік қызмет, сауда үстемесі мөлшерінен асып кету тәуекелі (15%), салық органдарында тіркеусіз ӘМАТ көтерме саудада өткізумен айналысатын монополистер анықталды.
2023 жылдың қорытындысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау аумақтық департаменттері сауда үстемеақысын 15%-дан асырып, түрлі бағаларды қолданғаны немесе бағалардың жоқтығы үшін 1134 әкімшілік шара қабылдады.
Қозғалған әкімшілік істердің нәтижелері бойынша 272 айыппұл (10 млн. теңге сомасына) және 736 ескерту шығарылды.