Алматыда сауда желілеріне мониторинг жүргізілді

Алматыда сауда желілеріне мониторинг жүргізілді

Өңірлік комиссия мүшелері Алматының сауда желілері бойынша көшпелі іс-шара өткізді. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы, Алматы әкімдігі кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мен статистика департаментінің және «Алматы» ӘКК басшылары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорларын үздіксіз жеткізудің уақытылы қамтамасыз етілуін тексерді. Сонымен қатар, өңірлік комиссия мүшелері сауда желілерінің әкімшілігімен сауда үстемесінің шекті 15% мөлшерін міндетті түрде сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі.

Айта кетейік, 2023 жылы өңірлік комиссия мүшелері 43 отырыс өткізді. Өңірлік комиссия қызметінің нәтижелері бойынша тиімсіз делдалдар түріндегі 175 бұзушылық, сондай-ақ сауда саласындағы заңнаманы бұзу фактілері анықталды және жойылды. Жосықсыз кәсіпкерлерге қатысты 163 әкімшілік хаттама жасалды.