Жетісу облысында сауда желілерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жетісу облысында сауда желілерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің мамандары кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп, «Тоймарт» ЖШС-де әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына, оның ішінде күнбағыс майына сауда үстемесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Департамент мамандары «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес (2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544-II) тауарлардың бағасын, өнім берушінің талабы бойынша азық-түлік тауарларын жеткізу шарты жасалатын, онда тараптардың келісімі бойынша шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленетін жағдайларды қоспағанда, ішкі сауда субъектілері дербес айқындайтыны түсіндірілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын жеткізу шартында көрсетілген өндірушінің сату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.