Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Астана қаласының Ссауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Н. Егембердиев астаналық  «ШАПАҒАТ» базарының басқарушыларымен кездесті.

Кездесу барысында,  «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы».

«Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР заңдарының бұзылуына жол бермеу Сауда қызметі саласындағы 201, 202, 204-2, 204-3, 204-4, 462 баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша, «E-tutynushy» тұтынушылардың құқықтарын қорғау платформасына сауда қызметі субъектілерін тіркеу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Одан бөлек, Астана қаласының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті апта сайын елорданың сауда объектілерінде (базарлар, сауда желілері, үй жанындағы дүкендер) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізеді сонымен қатар ӘМАТ-қа 15% сауда үстемесін сақтау бойынша негізгі талаптар түсіндірілді.