Өңірлік комиссияның кезекті отырысы

Өңірлік комиссияның кезекті отырысы

Шымкент қаласы әкімі аппаратының ғимаратында Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азық-түлік тауарларының барлық баға белгілеу тізбегі бойынша өңірлік комиссия мүшелерімен бірлескен кезекті отырыс өткізді, отырысқа ӘМАТ өндірушілер мен сауда субъектілері (көтерме саудагерлер, базарлар, сауда желілері және т.б.) шақырылды. Аталған кездесуде ӘМАТ бағасын тұрақтандыру және мереке күндері бағаның өсуіне жол бермеу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, аумақтық жергілікті атқарушы органдарға (аудан әкімдіктеріне) қаланың аудандарында әлеуметтік белсенді тұрғындарын тарта отырып, түсіндіру жұмыстарын жандандыру және аталған сауда субъектілерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемеақысын асырмау туралы меморандумдар жасасу тапсырылды.