Бақылауға арналған сауда үстемелері

Бақылауға арналған сауда үстемелері

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бағаның өсуін тежеу, тұрақтандыру және реттеу құралдарының бірі баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды анықтау болып табылады. «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабына сәйкес ішкі сауда субъектілері ӘМАТ бағасын қоспағанда тауарлардың бағасын дербес анықтайды.

«Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 9-бабын бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік іс қозғалады және ішкі сауда субъектісінің ӘМАТқа 15% сауда үстемесін асырғаны үшін ӘҚБтК-нің 204-4-бабы бойынша «Ескерту» түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін кіші кәсіпкерлік субъектілеріне – 10, орта КС - 75, ірі КС - 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Сауда комитеті мен Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінен келіп түскен материалдар бойынша 39 кәсіпкер «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР заңнамасын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 204-4-бабы бойынша «Ескерту» түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 10 кәсіпкерге қатысты материалдар қаралып жатыр.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде ӘМАТ бағасына қатысты ҚРЗ бұзудың жолы кесіледі.

Қорытындысында, әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне бағаны мемлекеттік бақылау осы өнімдерге бағаның қолжетімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды құрал болып табылады. Ол тұтынушылардың мүдделерін қорғауға, теріс пайдаланудың алдын алуға және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне әділ және тұрақты баға белгілеуге көмектеседі. Сондай-ақ, бағаны мемлекеттік бақылау экономикалық тұрақтылықты бұзбау және бизнес үшін қосымша проблемалар тудырмау үшін сақтықпен және нарықтық тетіктерді ескере отырып жүргізілуі тиіс екенін ескеру маңызды.