Ірі сауда желілері бірінші санаттағы жұмыртқаларға арналған сауда үстемесін төмендетеді

Ірі сауда желілері бірінші санаттағы жұмыртқаларға арналған сауда үстемесін төмендетеді

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті «Magnum Cash & Carry» ЖШС-мен және «Скиф Трейд» (Small) ЖШС-мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша, атап айтқанда бірінші санаттағы (С1)  жұмыртқа бағасының маусымдық ауытқуына жол бермеу бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Сауда комитетімен жасалған келісім аясында Magnum Cash & Carry және Small басшылығы заңмен рұқсат етілген бірінші санаттағы жұмыртқалар үшін қолданыстағы 15% орнына 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін 10% сауда үстемесін белгілеу туралы шешім қабылдады. Ал жұмыртқалардың басқа санаттарына (таңдаулы және екінші) Magnum Cash & Carry сауда желісі жаңа жыл қарсаңында көрсетілетін қызметтер үшін түрлі сыйақылар (тауарды жарнамалау және жылжыту, арнайы көрсету және т.б.) алмайтын болады.