«Алтын Орда» базарын жалға алушылар үшін бизнес-процестер цифрлық форматқа көшіріледі

«Алтын Орда» базарын жалға алушылар үшін бизнес-процестер цифрлық форматқа көшіріледі

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков Алматыдағы «Алтын Орда» базары әкімшілігінің қызметкерлерімен кездесіп, сауда орнын жаңғырту мәселелерін талқылады. Көшпелі кеңеске базар аумағында құрылған мобильді топтың өкілдері де қатысты.

«Алтын Орда» базарының директоры Данияр Дүзбаевтың айтуынша, аумақта 6 шлагбаум орнатылып, тест режимінде жұмыс істеуде. Келесі аптаның соңына дейін оларды штаттық режимде іске қосу жоспарлануда.

«Біз POS-терминалдарды орнатуды күтудеміз. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Қазір базардын сайты әзірленуде, онда әрбір кәсіпкер сауда орындарының бар - жоғын өзі көре алады, сауда нүктелерін жалға алу шартын жасай алады және QR арқылы төлем жасайтын болады», - деді кездесу барысында «Big City Market» ЖШС басқарушы компаниясының басшысы Данияр Дүзбаев.

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Сауда және интеграция министрлігі  Сауда Комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков бизнес-процестерді цифрландыруға көшуді жеделдетуді тапсырды және қысқа мерзімде шлагбаумдардың тұрақты жұмысын реттеуді талап етті.

«Базар аумағына кіретін жүк машиналарын тану жөніндегі бағдарламаларды пысықтау қажет, өйткені олардың төлем нысаны басқаша. Олар бірнеше күн бойы өз өнімдерін сату үшін базарға  кіреді. Тиісінше, жүргізушілер бұрынғыдай бірден бірнеше күн емес, базарда өткізген нақты уақытын төлеуі керек»  - деп қосты Сауда комитетінің басшысы.