Нан бағасы туралы

Нан бағасы туралы

2023 жылдың 1 қарашасы күні Тараз қаласында 1 бөлке нанның бағасы 100 теңгеден 120 теңгеге дейін көтерілуіне орай Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің және Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының қызметкерлері тарапынан шұғыл түрде мониторинг жүргізілді.

Мониторинг барысында кәсіпкерлердің өз бетінше жергілікті атқарушы органдарға ескертпестен нан бағасын өсіруі анықталды.

 Аталған жағдайға байланысты шұғыл түрде облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібектің төрағалығымен, құзырлы органдардың, кәсіпкердердің қатысуымен жиын өткізілді.

Осыған орай кәсіпкерлермен 1 бөлке нанның бағасын 100 теңгеден ұстап тұру келісілді.

2023 жылдың 02 қарашасынан бастап сөрелерде 1 бөлке нанның бағасы 100 теңкеден сатылуда.