Саудадағы цифрлық трансформация

Саудадағы цифрлық трансформация

Цифрлық трансформация мәселелері Сауда қызметін реттеуде, оның ішінде, электрондық сауданы дамытуда өзектілігі мен қажеттілігі артып келеді. Сауда және интеграция министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) атынан уәкілетті органның экожүйесін кеңейту, тауар өндірушілер мен көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар үшін  бірыңғай платформа арқылы шоғырландыру, оларды реттеу, сондай-ақ блок-чейнге пайдалы ақпарат жинау бүгінгі күні маңызды басымдық болып табылады.

Астана қаласының Сауда департаменті (бұдан әрі-Департамент) Министрлік іске асыратын бизнес және билік форматындағы электрондық алаңдарды құруға байланысты мәселелерді талқылауға тікелей қатысады.

Департамент қызметкерлері өздерінің "цифрлық деңгейін"көтеру үшін үнемі жұмыс істейді.

Осылайша, 2022 жылғы 23 қарашада "Кванттық мемлекет-цифрлық трансформация шеңберінен шығу" тақырыбымен "IDC Government Innovation Forum" атты 9 – шы халықаралық форумының жұмысына қатыстық.

Талқылаудың негізгі тақырыптары мемлекеттік және жеке секторлардың ынтымақтастығы мен интеграциясы арқылы цифрлық трансформацияны жеделдету, жасанды интеллект көмегімен мемлекеттік IT-процестер мен қызметтерді оңтайландыру,                                   IT-технологияларды дамыту бағытында заңнамалық базаны өзгерту және т.б. болды. Сондай-ақ, Хуавей Текнолоджис Қазақстан компаниясының Бас директоры  Чжао Сю мырза Қазақстан Республикасының цифрлық хаб ретінде даму Тұжырымдамасымен таныстырды.

Аталған іс-шара халықаралық сарапшылар мен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары, мемлекеттік және жеке тұлғалы мекемелердің қатысуымен "Қазақстандағы IT-нарықты дамыту перспективалары" атты панельдік пікірталаспен аяқталды.

Мұндай іс-шараларға қатысу Департамент қызметкерлерінің құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыруда маңызы зор.