Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Петропавлда кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп, оған облыстың 100-ден астам шаруа қожалықтары мен азық-түлік өндірушілері қатысып, өз өнімдерін халыққа сатты.

Жәрмеңкеге жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері қойылып, өнімдердің бағасы нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен болып белгіленді. Мұндай өнімдер: ет (қой, жылқы еті, сиыр еті, тауық, қаз), көкөністер (картоп, пияз, қырыққабат, сәбіз), жұмыртқа, сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер, балық және ара шаруашылығы өнімдері сатылды.

Жалпы, мұндай жәрмеңкелерді ұйымдастыру әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығындағы баға серпініне оң әсер етіп, облыс тұрғындарының оң пікірлерін білдіруде.