Бизнесті қолдау және заң үстемдігі: Ұлытауда ведомствоаралық кеңес өтті

Бизнесті қолдау және заң үстемдігі: Ұлытауда ведомствоаралық кеңес өтті

Ұлытау облысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында «Заң және тәртіп» нарративін ілгерілету жөніндегі мемлекеттік бастаманы іске асыру аясында іс-шара өтті. Оның негізгі мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық қорғалуын күшейту, құқықбұзушылықтардың алдын алу, көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету, сондай-ақ бизнесті жүргізу кезіндегі әкімшілік кедергілерді жою.

Кеңейтілген кеңеске мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, соның ішінде Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кеңесінің мүшесі, адвокаттар алқасының төрағасы және Ұлытау облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер қатысты.

Кеңес барысында кәсіпкерлерге өздерін қызықтырған мәселелер бойынша құқықтық түсіндірмелер берілді: кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау, ет өнімдеріне баға белгілеуді реттеу, мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру, кәсіпкерлік саласындағы құқық қолдану тәжірибесі.

Ведомствоаралық келісуді талап ететін бірқатар мәселелер одан әрі пысықтауға алынып, келесі диалогтық алаңдарда тиісті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен қаралады.