Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі – адалдық пен жауапкершілік. Алайда, қазіргі қоғам жаңа сын-қатерлерге тап болып отыр, олардың ішінде лудомания ерекше орын алады.
Бұған дейін Қазақстанда құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған тұлғалардың тізімі кеңейтілген болатын. Енді бұл шектеу Бірыңғай қарыздар тізілімінде тұрған адамдарға ғана емес, жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын қызметшілерге де қатысты.
Құмар ойындары көбінесе бейқам ойын-сауық ретінде қабылданғанымен, іс жүзінде олар қаржылық тұрақсыздыққа және қарызға батуына, қызметтік міндеттерді сапасыз орындауға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің артуына, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіруге әкеледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі әрбір қызметшіге адалдық пен заңға бағынудың үлгісі болуды жүктейді. Құмар ойындарға әуестену бұл қағидаттарға қайшы келеді және қызметтік әдеп нормаларының бұзылуына алып келуі мүмкін.
Мемлекеттік қызметшіге арналған жадынама