Ұлытау облысында 6 сауда базары тіркелген. Олардың үшеуі сауда базарларын жаңғырту жөніндегі Жол картасына енгізілген.
Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті «Атамекен» ҰКП алаңында сауда базарларына қойылатын талаптарды түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиынды Департмент басшысының орынбасары Жасұлан Даулетбаев ашып, сауда базарларына қойылатын талаптарға тоқталды. Әр сала маманы заң аясында сауда нысандарына қойылатын талаптарға тоқталып, базарлардың бүгінгі заманға сай келуі үшін бірқатар талаптардың орындалуына баса назар аудару қажеттігін жеткізді.
Сонымен қатар, жиында кәсіпкерлерге мемелекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпарат берілді. Қаржыландыру қажет болған жағдайда кәсіпкерлер қалай әрекет ету керектігі кеңінен түсіндірілді. Өз мәселелерін алға тартқан базар иелеріне сала мамандары жан-жақты қолдауға дайын екендіктерін жеткізді.