Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі кедендік баж салығын төлемей картоп импорттауға мүмкіндік бар екенін хабарлайды.
Қатысу шарттары:
- Импорттаушы әкелінген картопты тек бөлшек саудамен айналысатын және Қазақстан Республикасында тіркелген тұлғаларға кейіннен бөлшек саудада сату мақсатында ғана өткізеді.
- Импорт көлемі – бір өтінім берушіге 5000 тоннадан аспауы тиіс.
- Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2025 жылғы 30 маусымға дейін.
Кедендік баж салығынсыз әкелу құқығын алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- Тауардың мақсатты арналуын растауға арналған еркін түрде жазылған өтініш хаты
- Картоп жеткізуге арналған шарттардың көшірмелері
- Бөлшек сауда орындарымен жасалған келісімдер
Өтінімдер “Е-Өтініш” бірыңғай платформасы арқылы ҚР Сауда және интеграция министрлігіне жолданады.
Тарифтік жеңілдік 2025 жылғы 23 мамырдағы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің №35 шешімімен белгіленген.