Тақырыбы: «Этика мемлекеттік қызметтің негізі болып табылады»
Сұрақ 1: Мемлекеттік қызметшінің этикалық нормаларды ұстануы не үшін маңызды?
Жәутікбаев Е.Б.: Этика – жай ғана формалдылық емес. Бұл – азаматтардың сенімінің негізі. Егер мемлекеттік қызметші сенімнен айрылса, оның жұмысының мәні жоғалады. Қоғам әр қызметкердің адал, бейтарап және заң аясында әрекет ететініне сенімді болуы тиіс.
Сұрақ 2: Қызмет бабында этиканы бұзушылық орын алса, қандай шара қолданасыздар?
Жәутікбаев Е.Б.: Мен әрдайым ашықтық қағидасын ұстанамын. Этика бұзылса – біз оны талдап, қорытынды жасаймыз, оқытамыз. Этика – жазалау шарасы емес, дұрыс мінез-құлықты тәрбиелеу жүйесі. Бірақ жаман ниет болса, шаралар қатаң болады.
Сұрақ 3: Этика – бұл тек сыртқы талаптар ма, әлде адамның ішкі дүниесіне де байланысты ма?
Жәутікбаев Е.Б.: «Екеуі де. Заң – шекара береді, ал ішкі құндылықтар – бағыт береді. Әдепті адам ешкім көрмесе де дұрыс әрекет етеді. Біз осындай қызметке деген қатынасты тәрбиелеуге тырысамыз».
Сұрақ 4: Жастар этиканы ұстана ма?
Жәутікбаев Е.Б.: «Әрине. Жастар ашық және адал жұмыс істегісі келеді. Біз оларды алғашқы күннен бастап мәдениеттілікке баулимыз. Осылайша этика өкілі осының негізгі рөлін атқарады».
Сұрақ 5: Неге Сіз мемлекеттік қызметшінің беделін оның кәсіби қызметіндегі маңызды рөлі деп есептейсіз?
Жәутікбаев Е.Б.: «Мемлекеттік қызметшінің беделі – оның басты капиталы. Ол іс-әрекеттермен, қарым-қатынас арқылы, жұмысқа және адамдарға деген қатынасымен қалыптасады. Оны тез құру мүмкін емес, және жоғалтқан соң қалпына келтіру одан да қиын. Сондықтан мемлекеттік қызметте әр күн адалдық, ашықтық және құрмет таныту керек. Мемлекет үшін жұмыс істей отырып, біз ең алдымен азаматтардың сенімі үшін жұмыс істеймізді есте сақтауымыз қажет. Ал ол жеке мінсіздіктен басталады».