Бүгін Сегізінші шақырылымдағы Сарыағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс XXX-сессиясы өтті.
Сессия отырысына аудан әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, ауданның дербес бөлім басшылары, бюджеттік мекеме басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, Сарыағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
- Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 26-190-VІІІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Сарыағаш ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы;
- Аудандық мәслихаттың мемлекеттік құқық, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесін сайлау туралы;
- «Сарыағаш ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын қайта бекіту туралы» Сарыағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 тамыздағы № 5-50-VIІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия барысында мәслихат депутаттары өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Бөлім басшылары қойылған сұрақтарға жауап беріп, жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты