Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!

Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаттары мен  аудан халқының назарына!

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс отызыншы сессиясы 2025 жылғы 25 сәуір күні сағат 12:00-де Халықтық кеңсе ғимаратының 1-қабатында өтетіндігін хабарлаймын.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылғы 25 сәуір күні сағат 10:00-де Халықтық кеңсе ғимаратының 1-қабатында өтеді.

 

 

Сессия қарауына енгізілген мәселелер:   

 

  1. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 26-190-VІІІ «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Сарыағаш ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2025 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы;
  3. Мемлекеттік құқық, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тұрақты комиссия мүшесін сайлау туралы;
  4. «Сарыағаш ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын қайта бекіту туралы» Сарыағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 тамыздағы № 5-50-VIІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

 

Аудандық мәслихат

төрағасы                                                                              Р. Асылбекұлы