АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай іс-шара өтті.
Іс-шараға аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, аудан әкімі Арман Айдарұлы арнайы қатысты.
"Жеңіс" саябағындағы Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып құран бағышталды.
Аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы іс-шарада сөз сөйлеп, ауған соғысы ардагерлерінің басынан кешкен қиындықтары туралы айтып өтіп, ержүрек ағалардың батырлығы кейінгі ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.
«Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің лайықты ізбасарлары ретінде жастарға патриоттық тәрбие беріп үлкен үлес қосып жүрсіздер.
Ауған жерінде Кеңестік дәуірдегі интернационалдық борыштарыңызға адалдық танытып, кеуделеріңізді оққа тосып, қаншама бейкүнә жандардың өміріне араша түстіңіздер.
Өмірлік тәжірибелеріңіз бен ерліктеріңіз, азаматтық көзқарастарыңыз жастарға патриоттық тәрбие беруде.
Сондықтан да біз жат жерде намысты ту етіп ұстап, ерліктің үлгісін көрсеткен ауған соғысы ардагерлеріне әрқашанда тағзым етеміз!» - деді Рысбек Асылбекұлы
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты.