Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобы Сарыағаш ауданының Қоғамдық кеңесінің 19 мүшесін сайлау туралы коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтар арасында конкурс жарияланғаны туралы хабарлайды.
Сарыағаш ауданының Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы 24 мүшені құрайды. Қоғамдық кеңес құрамы мемлекеттік органдардың өкілдерінен және кемінде үштен екісі конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдерінен қалыптастырылады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы оның ішінде өзін-өзі ұсынуы мүмкін.
Осы ұсынысын жолдайтын әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат біреуден аспайтын кандидат ұсына алады.
Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, Сарыағаш ауданы шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатқа «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес мына талаптар қойылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.
Коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар конкурсқа қатысу үшін Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөнінде Жұмыс тобына төмендегі құжаттарды ұсынады:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім ұсынылады.
Құжаттар қолма-қол беріледі немесе аудандық мәслихаттың s.manapov@ontustik.gov.kz электрондық мекенжайына жолданады.
Ұсыныстарды қабылдау 2025 жылдың 21 ақпаны күні 19.00- ге дейін жұмыс күндері дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден бастап, 19.00-ге дейін жүргізіледі, үзіліс 13.00-ден 15.00 сағатқа дейін. Мекен жай: Сарыағаш қаласы Исмайлов көшесі, №37 үй. Байланыс телефоны: 2-10-95.
Конкурсқа қатысу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныс енгізу тәртібі жөнінде қосымша ақпаратты және ұсынылатын құжаттар үлгілерін тікелей Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөнінде Жұмыс тобына (101 кабинет) немесе 2-10-95, 87029606748 телефоны бойынша аудандық мәслихаттың ұйымдастыру құқық бөлімшесінің бас маман-заңгері Манапов Сабит Ұлықбекұлынан, сондай-ақ аудандық мәслихат сайтынан (www.Saryagashmaslihat.gov.kz) алуға болады.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру
жөніндегі жұмыс тобының басшысы Ш.Ибрагимов