сегізінші шақырылымдағы Сарыағаш аудандық мәслихатының кезекті қырық бесінші сессиясы

сегізінші шақырылымдағы Сарыағаш аудандық мәслихатының кезекті қырық бесінші сессиясы

Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаттары мен

аудан халқының назарына!

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Сарыағаш аудандық мәслихатының кезекті қырық бесінші сессиясы 2026 жылғы 30 маусым күні сағат 16:00-де Сарыағаш аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймын.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы                     2026 жылғы 30 маусым күні сағат 10:00-де аудандық мәслихаттың мәжіліс залында өтеді.

Сессия қарауына енгізілген мәселелер:   

 

  1. 2025 жылға арналған Сарыағаш аудандық бюджетінің орындалуы туралы;
  2. Қала, ауылдық округтерінің 2025 жылға арналған бюджеттерінің орындалуы туралы;
  3. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы мақұлдаған Сарыағаш ауданы бойынша 2025 жылғы Сарыағаш аудандық бюджетінің атқарылуы туралы;
  4. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы мақұлдаған Сарыағаш ауданының қала, ауылдық округтерінің 2025 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы туралы;
  5. Сарыағаш ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарының орындалуы туралы;
  6. Сарыағаш аудандық кірістер басқармасының ауданның кірістер бөлігі бойынша атқарған жұмыстары туралы;
  7. Көктерек ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  8. Жылға ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  9. Жарты төбе ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
  10. Сарыағаш аудандық білім бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  11. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  12. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
  13. Сарыағаш аудандық мәслихатының бақылауда тұрған шешімдерінің орындалу барысы туралы;

         

           Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.