Сарыағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс XLIV сессиясы өтті.

Сарыағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс XLIV сессиясы өтті.
Сарыағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс XLIV сессиясы өтті.
Сессия отырысын аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы жүргізді. Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары Талипов Нұрполат Зайнилұлы , дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия барысында ауданымыздағы бірқатар кадрлық өзгерістер таныстырылды. Атап айтқанда, Сарыағаш ауданы Полиция басқармасының бастығы болып Досжан Бекжанұлы Нұсқабеков, аудандық білім бөлімінің басшысы болып Айсұлу Мақұлбекқызы Қалдықараева және Сарыағаш аудандық мәслихат аппаратының аппарат басшысы Арыстанбек Каржаубайұлы Бименовтың тағайындалғаны жайында.
Жиында жаңадан тағайындалған азаматтардың еңбек жолдары таныстырылып, алдағы қызметтеріне сәттілік тілеп, жауапты міндеттерін абыроймен атқаратынына сенім білдірілді.
Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бұған дейін тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жан-жақты қаралып, сессия қарауына ұсынылған болатын.
Сессия барысында:
– аудандық округтік және учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін сайлау;
– әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу;
– кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту;
– ауданның жер комиссиясы құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Депутаттар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты